Грекия Өрт сөндіру қызметінің мәліметіне сәйкес, Салоники қаласының Неохоруда–Орайокастру, Кавала аймағындағы Элефтеруполи және Крит аралының Мелидохори елді мекендері маңындағы алқаптарда өрт шыққан.
Сондай-ақ Салоникидің Суроти ауданындағы орман алқабын да өрт шарпыды.
Азаматтық қорғаныс бас хатшылығы тұрғындарды құзырлы органдардың нұсқауларын орындауға дайын болуға шақырды.





















