ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Баллистикалық зымырандар түнде Украина астанасына соққы беріп, екі адамды өлтіріп, кем дегенде бес адамды жарақаттады деп хабарланды, ал Ресей дрон өндіріс орындары мен порт инфрақұрылымын нысанаға алғанын айтты.
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Украинаның Харьков қаласындағы өнеркәсіптік аймақта Ресей соққысының салдары, 15 шілде 2026 жыл. / َAA

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі бейсенбі күні Ресейдің Киевке жасаған шабуылдары салдарынан екі адамның қаза тапқанын, сондай-ақ бір баланы қоса алғанда кемінде бес адамның жараланғанын хабарлады.

Украина Әуе күштері көптеген баллистикалық зымыранның жақындап келе жатқаны туралы ескерту жасағаннан кейін “AFP” агенттігінің Киевтегі тілшілері бірінен соң бірі болған жарылыстардың дыбысын естіген.

Елорда аспанында бірнеше жарқыл байқалып, артынша қатарынан жарылыс болды. Киев мэрі Виталий Кличко бейсенбі күні “Telegram” желісінде: «Жау шабуылы салдарынан Киевте екі адам қаза тапты», – деп жазды.

Украинаның Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі бес адамның жараланғанын, сондай-ақ Святошинский және Дарницкий аудандарының шабуылға ұшырағанын мәлімдеді.

Бұған дейін мэр Кличко әлеуметтік желіде шабуыл салдарынан бір қоймаға соққы тигенін және «зымыран сынықтары тұрғын емес ғимараттардың үстіне құлағанын» хабарлаған болатын. Сонымен қатар оның айтуынша, Украинаның солтүстік-шығысындағы ірі қала Харьков та шабуылдаушы дрондардың нысанасына айналған.

Шабуыл Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйеннің қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен Украинаға жасаған сапарынан бірнеше сағат өткен соң жүзеге асырылды.

Іздеу
Президент Ердоған Катарға барады
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
ЕО мен Бахрейн стратегиялық серіктестік жөніндегі келіссөздерді бастады
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Ресей: «Украинаның дрон шабуылдарынан 3 адам қаза тапты»
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді