Иран Қарулы күштерінің әскери операцияларды үйлестіретін «Хатем әл-Әнбия» орталық штабының өкілі Ибраһим Зүлфиқари АҚШ-тың Ормуз бұғазына араласуына жол бермейтіндерін қайталап, мұны Иранның «өзгермейтін ұстанымы» деп атады.
Жартылай ресми “Tasnim” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Зүлфиқари АҚШ-тың шабуылдары мен Ормуз бұғазындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасаған.
Зүлфиқаридің айтуынша, АҚШ өз шабуылдары арқылы өңірдегі қауіпсіздікке қауіп төндіруді жалғастырып отыр. Ол өңірден тыс орналасқан мемлекет ретінде АҚШ-тың қандай жағдайда да Ормуз бұғазына араласуына жол берілмейтінін айтып, бұл Иран үшін «өзгермейтін ұстаным» екенін атап өтті.
Сондай-ақ Зүлфиқари АҚШ Иранның инфрақұрылымына соққы беретіе болса, Иран өңірдегі барлық инфрақұрылымды нысанаға алатынын және олардан ешқандай із қалдырмайтынын айтып, қоқан-лоқы жасады.





















