Таиланд астанасы Бангкоктың Чатучак ауданындағы өрт сөндіру қызметі жергілікті уақытпен түнгі сағат 00:00 шамасында түнгі клубта өрт шыққаны туралы хабар түскенін мәлімдеді.
Таиланд премьер-министрі Анутин Чарнвиракул оқиға орнында журналистерге берген мәлімдемесінде, алдын ала деректер бойынша өрттен 27 адамның қаза тапқанын, көптеген жаралының ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.
Анутин өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу басталғанын мәлімдеді.





















