АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерге арағайын болып жүрген Пәкістанның Ішкі істер министрі Мохсин Накви ресми кездесулер өткізу үшін Иран астанасы Тегеранға барды.
Иран бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Наквиді Тегерандағы Мехрабад әуежайында Иранның Ішкі істер министрі Искендер Момени қарсы алды.
Иран Ішкі істер министрлігінің Байланыс орталығы таратқан мәлімдемеге сәйкес, Наквидің Тегерандағы кездесулерінде Пәкістан мен Иран арасындағы қарым-қатынас талқыланады.
Сонымен қатар екі елдің жоғары лауазымды өкілдері бұған дейін қол қойған келісімнің тармақтары қайта қаралады.
Сапардың АҚШ–Иран мәселесіне қатысы жоқ екені айтылды
«Tasnim» ақпарат агенттігі Наквидің сапарының Иран мен АҚШ арасында 28 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан соғысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
Ақпаратта бұған дейін екі тарап арасындағы келіссөздерге арағайындық жасаған делегация құрамында болған Наквидің Тегеранға ешқандай хабар жеткізбейтіні, сондай-ақ Иранның да Накви арқылы АҚШ-қа қандай да бір хабар жолдамайтыны айтылған.


















