Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«Соңғы жылдары Орталық Азия қарқынды, үйлесімді және экономикалық тұрғыдан өзара байланысты кеңістікке айналды»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
Сеулде Орталық Азия – Корея Республикасы саммиті өткізілді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тұрақты, әрі гүлденген Орталық Азияның тек аймақ халықтарының ғана емес, халықаралық серіктестердің де мүддесіне қызмет ететінін айтты.

Қырғызстан Президентінің Баспасөз қызметі тараптқан жазбаша мәлімдемеге сәйкес, Жапаров Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде ұйымдастырылған Орталық Азия-Корея Республикасы Саммитінде сөз сөйледі.

Саммит ынтымақтастықта жаңа парақ ашқанын білдірген Жапаров: «Тұрақты әрі гүлденген Орталық Азия тек аймақ халықтарының ғана емес, халықаралық серіктестердің де мүддесіне қызмет етеді», — деді.

Соңғы жылдары Орталық Азияның қарқынды, үйлесімді және экономикалық тұрғыдан өзара байланысты кеңістікке айналғанын атап өткен Жапаров аймақта ауқымды қайта құрулар жүріп жатқанын жеткізді.

Бұл процестердің өзара сенімге және ортақ ұзақ мерзімді мүдделерге негізделгенін білдірген Жапаров саммит аясында қабылданатын Сеул Декларациясы алдағы жылдарға арналған нақты жобаларды қамтитын практикалық іс-қимыл бағдарламасының негізін құрайтынын тілге тиек етті.

Оңтүстік Кореяны Орталық Азияның сенімді серіктесі ретінде сипаттаған Садыр Жапаров сауда, инвестиция, көлік, энергетика, цифрландыру және білім беру салаларындағы өзара тиімді жобаларға назар аударып, қазіргі кезеңдегі ең маңызды міндет — елдер арасындағы жоғары саяси сенімді ұзақ мерзімді экономикалық және технологиялық серіктестік деңгейіне көтеру екенін баса айтты.

«Орталық Азия-Корея Республикасы» көшбасшылар саммиті серіктестік, бейбітшілік, өркендеу және гуманитарлық көмек салаларындағы негізгі пайымды қамтитын әрі қарым-қатынастарды стратегиялық деңгейге көтеретін 28 баптан тұратын «Сеул Декларациясына» қол қоюмен аяқталды.

Саммиттің екіншісі 2028 жылы Қазақстанда өткізілетіні хабарланды.

Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мённың басшылығымен өткен саммитке Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтан бөлек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты.

Іздеу
Президент Ердоған әуеден Қазақстанға жолдау жіберді
Түркиялық оқушы Эйнштейн олимпиадасында математикадан әлем чемпионы атанды
Солтүстік Корея АҚШ-тың кибершабуылға қатысты айыптауына жауап берді
АҚШ-та сайлау басталды
Әлемді жаяу аралаған саяхатшы 28 жылдан кейін үйіне жетті
Италия: «Түркия – Еуропа қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды серіктес»
Франциядағы білім беру мекемелерінде наразылық акциялары қайта басталды
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен маңызды жетістіктерге қол жеткізе аламыз»
Израиль күштері Әл-Халил қаласынан толықтай шегінді
Йеменде 500-ге жуық хоусит залалсыздандырылды
«Axios»: «Нетаньяху Трампты сайлаудан кейін Иранға шабуыл жасауға шақырды»
Президент Ердоған Сеулге барды
Болгарияда президент сайлауының алдын ала нәтижелері жарияланды
АҚШ-та жеке ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты
Ресей мен Украина арасындағы соғыс Қаратеңізде 120 мың дельфиннің жойылуына себеп болды