Израиль Хан-Юнустың батысында орналасқан Әл-Мәуаси ауданында палестиналықтар паналаған лагерьге әуе шабуылын жасап, салдарынан бір палестиналық әйел мен бір бала қаза тапты. Сондай-ақ 22 адам жараланды.
Денсаулық сақтау саласындағы дереккөздердің Анадолы агенттігіне берген мәліметіне қарағанда, Израиль Әл-Мәуасидегі Гайт лагерін нысанаға алып, салдарынан 31 жастағы әйел мен 6 жастағы қыз бала қаза тапқан. Дереккөздердің айтуынша, жараланғандардың басым бөлігі ̶ әйелдер мен балалар.
Жергілікті дереккөздер мен куәгерлер Израильдің халық тығыз орналасқан лагерьдегі көптеген шатырды нысанаға алғанын, салдарынан түрлі деңгейде жарақаттар тіркелгенін айтты. Сондай-ақ Израильдің таңсәріде Әл-Магази босқын лагеріндегі бір тұрғын үйге жасаған әуе шабуылы кезінде екі палестиналық жараланды.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Израиль атысты тоқтату келісімі күшіне енгеннен бері 904 палестиналықтың өліміне және 2 мың 713 адамның жаралануына себеп болған.













