Израиль армиясы атысты тоқтату режиміне қарамастан Газа секторына шабуылдарын жалғастыруда.
Газадағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде Израильдің 2023 жылдың қазаннан бері жалғасып келе жатқан шабуылдарындағы адам шығынына қатысты соңғы дерек жарияланды.
Соңғы 24 сағатта Газадағы ауруханаларға 2 қаза тапқан адам мен 27 жаралы жеткізілді.
Газада атысты тоқтату режимі күшіне енген 2025 жылдың 10- қазаннан бері Израиль шабуылдарында 883 адам қаза тауып, 2 648 адам жараланды, ал үйінді астынан 776 адамның мәйіті шығарылды.
Израильдің 2023 жылдың қазан айынан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында жалпы қаза тапқандар саны 72 775-ке, жараланғандар саны 172 750-ге жеткені білдірілді.
Газа секторында үйінділер астында әлі де мыңдаған мәйіт бар екені хабарлануда.













