ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Әлемдегі ең биік Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырып, жаңа рекорд орнатты.
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды
Эверест шыңын бір күнде 274 альпинист бағындырды

Непал билігінің мәліметінше, қолайлы ауа райын пайдаланған 274 альпинист кеше Эверест шыңын бағындырған.

Осылайша Эвересттің ең биік нүктесіне бір күн ішінде жеткен адамдар саны бойынша жаңа рекорд тіркелді.

Сонымен қатар непалдық альпинист Ками Рита Шерпа Эверест шыңына 32-рет көтеріліп, рекорд жаңартты.

Бұған дейін жоғары көрсеткіш 2019 жылдың 22 мамырында тіркелген болатын. Сол кезде Непал тарапынан 223 адам, ал Қытай тарапынан 113 адам Эверест шыңына жеткен еді.

Теңіз деңгейінен 8 848 метр биіктікте орналасқан әлемнің ең биік шыңы Эверест Қытайдың Тибет автономиялық өңірі мен Непал шекарасында орналасқан. Таудың шығыс бөлігі Қытай аумағына қарайды.

Іздеу