Араб коалициясының ресми өкілі, бригадалық генерал Турки әл-Малики “X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде хоуситтердің Сауд Арабиясын, оның азаматтары мен ұлттық әлеуетін нысанаға алу әрекеттері жауапсыз әрі дұшпандық ұстанымды көрсететінін мәлімдеді.
Әл-Маликидің айтуынша, хоуситтердің соңғы рет Абха, Хамис-Мушайт, Жазан және Нажран қалаларындағы азаматтық және коммерциялық нысандарға жасаған шабуылдарынан 73 адам жараланған. Ол бұл шабуылдардың Сауд Арабиясының егемендігін ашық түрде бұзып, елдің қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін атап өтті.
Әл-Малики «хоуситтік террористік жасақтардың» ешқандай негізсіз жасаған бұл шабуылдары Сауд Арабиясының экономикалық әлеуетіне нұқсан келтіруді көздейтінін айтты.
Оның сөзінше, Араб коалициясының күштері хоуситтердің шабуылдарына тойтарыс беру және мұндай агрессивті әрекеттерге батыл қарсы тұру үшін барлық қажетті «операциялық» шараларды қабылдайды.
Иран қолдайтын хоуситтер 2014 жылдың қыркүйегінен бері астана Сананы қоса алғанда, Йеменнің бірқатар аймағын бақылауында ұстап отыр. Ал Сауд Арабиясы бастаған коалиция 2015 жылдың наурызынан бері Йемен үкіметіне қолдау көрсетіп келеді.

















