Қытайдың Өзбекстанның сыртқы саудасындағы салмағы артқан сайын екі ел арасындағы сауда айналымының өсуімен қатар Өзбекстанның Қытайға қатысты сауда тапшылығының ұлғаюы да назар аударады.
1991 жылы тәуелсіздігін жариялаған Өзбекстан Кеңес Одағы дәуірінен мұраға қалған саяси, сауда-экономикалық байланыстардың әсерімен ұзақ жылдар бойы Ресеймен тығыз қарым-қатынасты сақтады. Ресей тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елдің сыртқы саудасында маңызды орын алды.
Дегенмен соңғы жылдары Қытайдың Орталық Азияға бағытталған экономикалық және сауда шараларын жеделдетуі Бейжіңнің аймақ елдерімен қарым-қатынасының нығаюына алып келді. Өзбекстан да басқа Орталық Азия елдері сияқты Қытай экономикалық қатынастарды ең жылдам дамытқан мемлекеттердің бірі болды.
Өзбекстанның 2015 жылы ең көп сауда жасаған елдері қатарында Ресей 24,5 пайыздық үлеспен бірінші орында, ал Қытай 12 пайыздық үлеспен екінші орында тұрған еді. Осы аралықтағы кезеңде таразы басы Қытайдың пайдасына өзгерді.
Қытай соңғы жылдары Өзбекстанның сыртқы саудасындағы үлесін жедел арттырып, Ресейді басып озды. Қытайдың Өзбекстанның жалпы сыртқы саудасындағы үлесі 2025 жылы 21,2 пайызға дейін көтерілді, ал Ресейдің үлесі 16 пайызда қалды. Осылайша соңғы 10 жылда Қытайдың Өзбекстанның сыртқы саудасындағы үлесі шамамен 1,77 есе өсті.
Осы кезеңде Өзбекстанның сыртқы сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4 пайыз артып, 41 миллиард долларға жетті. Елдің экспорты 8,8 пайыз азайып, 15,9 миллиард долларға дейін төмендесе, импорты 21 пайыздық өсіммен 25,1 миллиард долларға дейін көтерілді. Сыртқы сауда тапшылығы 9,2 миллиард доллар болып тіркелді.
Ал Өзбекстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі өткен жылдың қаңтар-маусым кезеңінде 6 миллиард 850,9 миллион доллар болса, осы жылдың сәйкес кезеңінде 9 миллиард 471,3 миллион долларға дейін өсті. Осылайша екі ел арасындағы сауда шамамен 38 пайыз артып, Қытайдың Өзбекстанның жалпы сыртқы саудасындағы үлесі 23,1 пайызға жетті.
Дегенмен Өзбекстанның Қытаймен сауда көлеміндегі өсімде әсіресе импорттың жылдамырақ өсуі назар аударады.
Өзбекстанның жылдың алғашқы жартысында Қытайдан жасаған импорты 39,3 пайыз өсіп, 8 миллиард 47,3 миллион долларға жетті, ал Қытайға экспорты 32,4 пайыздық өсіммен 1 миллиард 424 миллион доллар болды. Өзбекстанның Қытаймен сауда тапшылығы 6 миллиард 623 миллион долларды құрады.
Қытаймен саудадағы бұл теңсіздік Өзбекстанның жалпы сыртқы сауда тапшылығы тұрғысынан да маңызды. Екі ел арасындағы 6 миллиард 623 миллион долларлық тапшылық Өзбекстанның 9,2 миллиард долларлық жалпы сыртқы сауда тапшылығының басым бөлігін құрауымен ерекшеленеді.




















