Лавров Мәскеуде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) оқытушылары және студенттерімен кездесті.
Кездесуде сөз сөйлеген Лавров Германияның Ресейдің Бонндағы Бас консулдығын жабу туралы шешіміне қатысты: «Бұл — немістер қабылдаған жиіркенішті шешім. Олар Бонндағы Бас консулдығымызды еш негізсіз жапты», – деді.
Украина дағдарысына да тоқталған Лавров: «Украинадағы қақтығыстар Еуропада нацизмге жол берілмейтіндей етіп аяқталуы тиіс. Егер Украинадағы қазіргі режимнің билікте қалуына жол берсек, 1945 жылы нацизмді жеңгендерге опасыздық жасаған боламыз», – деді.
Лавров батыс елдерімен қарым-қатынас орнатуға ашық екендерін, алайда бұл қатынастардың енді бұрынғыдай болмайтынын атап өтті. «Бізді алдап келген батыс елдеріне енді ешқашан сенім артпаймыз», – деді ол.
Ирандағы жағдай
Лавров АҚШ пен Израильді Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелері жөніндегі консультацияларға қатыстыру қажет екенін атап өтті.
«Иранның да Парсы шығанағы аймағындағы қауіпсіздік жүйесіне қосылуы өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам болмақ», – деді ол.
Министр Лавров Ирандағы жағдайға байланысты «Солтүстік – Оңтүстік» көлік дәлізі жобасын жүзеге асыру қарқыны бәсеңдегенін айтты. «Алайда жоба жоспарымызда бар және міндетті түрде жүзеге асырылады», – деді Лавров.
















