СПОРТ
1 ... минут оқылды
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
«Көк жейделілер» шешуші сетте Түркиядан жеңіліп, чемпиондық атақтан да, 21 матчқа созылған жеңіс сериясынан да айырылды.
Түркияның волейболдағы жеңісі Италия баспасөзінде кеңінен талқыланды
Италия - Түркия құрамалары. "CEV EuroVolley 2026"

Италияның ANSA” агенттігі бапкер Хулио Веласко жаттықтыратын Италия құрамасының үш бірдей жүлдені иелену мақсаты Стамбулда орындалмай қалғанын жазды. «Көк жейделілер» шешуші сетте Түркиядан жеңіліп, чемпиондық атақтан да, 21 матчқа созылған жеңіс сериясынан да айырылды.

Хабарда италиялық бапкер Даниэле Сантарелли жаттықтыратын Түркия әйелдер құрамасының Италияның ойынын тежегені айтылды. «Түркия әсіресе соңғы екі сетте қарсыласқа мүмкіндік бермей, тамаша ойын көрсетті. Мелисса Варгас 28 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетті», - деп жазды агенттік.

ANSA” сондай-ақ Сантареллидің тактикалық шеберлігіне назар аударды: «Сантареллидің тактикалық шешімдері ерекше болды. Команда ойынға барынша жұмылып, үшінші сет соңында мүмкін еместей көрінген жағдайдан жол тауып шықты. Жанкүйерлердің қолдауына ие болған Түркия ешқашан берілген жоқ».

Италияның жетекші спорт басылымдарының бірі La Gazzetta dello Sport” финал туралы мақаласында Италияның шешуші сетте Түркиядан жеңілгенін және жақсы бастаған матчтан осылай ұтылуды қабылдау қиын екенін жазды.

Газет басылымы бұл жеңістің арқасында Түркия құрамасы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына қатысу құқығын алғанын атап өтті. Сондай-ақ финалдан кейін қуанған жалғыз италиялық Түркия құрамасының бапкері Даниэле Сантарелли болғанын жазды.

Corriere dello Sport” басылымы да «көк жейделілер» үшін шешуші сетте жеңілу аса ауыр болғанын атап өтті.

Іздеу
Израильдің Газаға шабуылдары жалғасуда
6-шы Дүниежүзілік Көшпенді Ойындарының жеңімпазы Қырғызстан болды
Президент Ердоған Еуропа чемпионы атанған түрік волейболшыларды құттықтады
«Филенің сұлтандары» екінші рет Еуропа чемпионы атанды
Түркияның ЕО елдеріне экспорты 71,8 миллиард долларға жетті
Стамбул әуежайы Еуропада көш бастап тұр
АҚШ өкілдері Киевке алғаш рет сапарлай барды
Иранды басып алу жоспарын ұсынды
Иордания Сыртқы істер министрі Иранның шабуылдарын «қарымта әрекет емес» деп мәлімдеді
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды