САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Суданда Жедел қолдау күштері шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты
Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Кордофан уәлаяттарында қазан айынан бері Судан армиясы мен Жедел қолдау күштері арасында қақтығыстар жалғасып жатыр.
Суданда Жедел қолдау күштері шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты
Суданның Солтүстік Кордофан уәлаятында ЖҚК шабуылынан 5 бейбіт тұрғын қаза тапты

Суданның Солтүстік Кордофан штатында Жедел қолдау күштері жасаған шабуыл салдарынан 5 бейбіт тұрғын қаза тауып, 3 мыңнан астам адам қоныс аударуға мәжбүр болғаны хабарланды.

Судан дәрігерлер желісі таратқан мәлімдемеде ЖҚК жасақтарының Солтүстік Кордофанның Бара қаласының батысындағы Әл-Каа және Әл-Кукити аудандарына шабуыл жасап, үйлер мен жергілікті тұрғындарға тиесілі малды тонағаны айтылды.

Мәлімдемеге сәйкес, шабуыл салдарынан 5 бейбіт тұрғын қаза тауып, әйелдер мен балаларды және қарттарды қоса алғанда 3 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Мәлімдемеде шабуылдардың бейбіт тұрғындарды қоныс аударуға мәжбүрлеу, олардың ауыл шаруашылығы өнімдері мен малын тонауды көздейтіні атап өтілді. Сондай-ақ халықаралық қауымдастық бейбіт тұрғындарды қорғау және қоныс аударғандарға гуманитарлық көмек жеткізу үшін әрекет етуге шақырылды.

ЖҚК әзірге бұл мәселеге қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.

Судан үкіметі, сондай-ақ жергілікті және халықаралық ұйымдар бұған дейін де ЖҚК-ні бейбіт тұрғындарға қарсы заң бұзушылықтар жасады деп айыптаған. Алайда ЖҚК бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.

Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Кордофан уәлаяттарында қазан айынан бері Судан армиясы мен ЖҚК арасында қақтығыстар жалғасуда.

Суданда 2023 жылдың сәуірінен бері армия мен ЖҚК арасында жалғасып жатқан соғыс салдарынан ондаған мың адам қаза тауып, шамамен 13 миллион адам қоныс аударуға мәжбүр болды.

Іздеу
Сирия президенті YPG-нің бұрынғы басшысы Абдиді президент кеңесшісі етіп тағайындады
Иран: «Теңіз блокадасы жалғасса, АҚШ экономикасын құлдыратамыз»
АҚШ президенті Трамп: «Ресей НАТО территориясына шабуыл жасамайды»
АҚШ президенті Трамп: «Иран — күйреп жатқан ел»
Израиль күштері Сирияға артиллериялық соққы жасады
Иран мен Катар сыртқы істер министрлері кездесті
Ресей Украинамен бейбіт келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Ресей румыниялық дипломатты «персона нон грата» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіне қайта шабуылдады
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы келісімді созуға тырысуда
"Тегеран Ормуз бұғазына қатысты шарттарын Пәкістан арқылы АҚШ-қа жеткізді"
Германияда 14 жасқа дейінгі қыз балаларға орамал тағуға тыйым салу талабына қарсылық білдірілді
YPG террор ұйымы таратылды
Израиль БҰҰ-ның білім беру орталығын басып алды
Ресейдің Краснодар өлкесіне жасалған дрон шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Сирия санкциялардан кейін қайта қалпына келтіру жолына түсті
АҚШ Қорғаныс министрі: «Қажет болса, Иранға қарсы күш қолданамыз»
ЕО мен Ұлыбритания Украинаға қолдауын күшейтуде
ЕО Украинаға 6,1 млрд еуро көлемінде әскери қолдау көрсетеді
Оман Сыртқы істер министрі Бусаиди ертең Тегеранға барады