Ресейдің Краснодар өлкесіндегі мұнай өңдеу зауытында дрон шабуылынан кейін өрт шықты. Шабуыл салдарынан 2 адам қаза тапты.
Краснодар өлкесінің губернаторы Вениамин Кондратьев жазбаша мәлімдемесінде түнгі уақытта өңірдегі азаматтық нысандарға дрондармен шабуыл жасалғанын хабарлады.
Кондратьевтің айтуынша, дрон бөлшектері Афипский елді мекеніндегі теміржол станциясына құлаған. Соның салдарынан 2 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алған.
Ол Афипский елді мекенінде кемінде 10 үйдің зақымданғанын, олардың бірінде өрт шыққанын мәлімдеді.
Кондратьев сондай-ақ өңірдегі мұнай өңдеу зауытында да өрт шыққанын айтып, өрт сөндірушілер мен төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмысын жалғастырып жатқанын жеткізді.



















