Ливанның мемлекеттік «NNA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль ұшақтары бейсенбі күні таңертең Ливанның оңтүстігіне қайта шабуылдаған.
«NNA» мәліметіне сәйкес, жергілікті уақытпен таңғы сағат 6 шамасында (GMT 03:00) Набатия әл-Фауканың шығысындағы Али әл-Тахер орманды алқабына екі әуе соққысы жасалған.
Агенттік Израиль ұшақтарының бірнеше қуатты зымыран атқанын, салдарынан бүкіл аймаққа жарылыс даусы естіліп, қою түтін көтерілгенін хабарлады.
«NNA» мәліметінше, Израильдің әскери ұшақтары түн ішінде Завтар әл-Шаркия мен Майфадун елді мекендерінің арасындағы аумаққа да соққы жасаған.
Израиль 2 наурыздан бері Ливанға шабуылдауда. Осы операция барысында Израиль күштері Ливанның оңтүстігіндегі бірқатар аумаққа қарай ілгерілеген.
АҚШ-тың араағайындығымен жасалған келісім
Ливан мен Израиль 26 маусымда АҚШ-тың араағайындығымен келісімге келді. Құжатта Израильдің басып алынған Ливан аумағынан кезең-кезеңімен шығуы, оның орнына бұл жерлерге Ливан армиясының орналастырылуы және Хезболланы қоса алғанда қарулы топтардың қарусыздандырылуы қарастырылған.
Содан бері тараптар Израиль күштерінің шығарылуы мен Ливан армиясының орналастырылуын қоса алғанда, негіздемелік келісімнің жүзеге асырылуы жөнінде АҚШ басшылығымен келіссөз жүргізіп келеді.
Келіссөздерге қарамастан, Израиль шабуылдары жалғасуда.




















