Хезболланың Ливандағы «Al-Manar» телеарнасына сұхбат берген Резаи аймақтағы соңғы оқиғалар мен АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық қысымына қатысты пікір білдірді. «Егер блокада жалғаса берсе, АҚШ экономикасын құлдыратамыз», – деді Резаи.
Ол Ормуз бұғазының қайта ашылуын АҚШ-тың Иран қойған талаптарды орындауымен байланыстырды. Резаидің айтуынша, бұл талаптардың ең бастысы – әсіресе Ливан мен Газадағы, жалпы Батыс Азиядағы соғыстарды тоқтату.
«Иран Беньямин Нетаньяхуды тозаққа жібереді», – деген Резаи Ливандағы жағдайды жіті бақылап отырғандарын және Израильдің Ливаннан кетуге мәжбүр болатынын айтты.




















