САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Сирия санкциялардан кейін қайта қалпына келтіру жолына түсті
Сирия президенті АҚШ президенті Трампқа, сондай-ақ Сирияның жанынан табылып, еліне қолдау көрсеткен барлық дос әрі қолдаушы мемлекетке алғыс білдірді.
Сирия санкциялардан кейін қайта қалпына келтіру жолына түсті
Сирия президенті Шара өз елінің қайта қалпына келтіру және құрылыс үдерісін бастағанын айтты.

Сирия президенті Ахмед Шара АҚШ Сирияны «терроризмді қолдайтын мемлекеттер» тізімінен алып тастағаннан кейін елінің даму, қайта қалпына келтіру және құрылыс кезеңіне қадам басқанын мәлімдеді.

Ахмед Шара X” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасаған мәлімдемесінде Сирияның қиын күндерді артқа тастап, даму, қайта қалпына келтіру және құрылыс жолына түскенін айтты.

Сирия халқы санкциялардың алынып тасталуы және шектеулердің тоқтатылуы арқылы тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізгенін атап өткен Шара: «Алладан сіздерге қызмет ету жолында бізге күш-қуат беруін тілеймін», - деді.

Шара АҚШ президенті Дональд Трампқа, сондай-ақ Сирияның жанынан табылып, еліне қолдау көрсеткен барлық дос әрі қолдаушы мемлекетке алғыс білдірді.

АҚШ Қаржы министрлігі Сирияның 1979 жылы енгізілген «терроризмді қолдайтын мемлекеттер» тізімінен ресми түрде шығарылғанын бұған дейін хабарлаған еді.

Сирияда Башар Асад режимі құлатылғаннан кейін (2024 жылғы желтоқсан) Вашингтон мен Дамаск арасындағы жаңа кезеңге қатысты байланыстар жандана түсті.

Сирияның аталған тізімнен шығарылуы елдің ұзақ жылдар бойы жалғасқан дипломатиялық және экономикалық оқшаулануын азайту жолындағы маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

ҚатыстыTRT Қазақ - Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады