САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы келісімді созуға тырысуда
Пәкістанның Ормуз бұғазын қайта ашу және Тегеранға салынған санкцияларды алып тастау мақсатында тікелей келіссөздерді дереу қайта бастауды және қолданыстағы мерзімді тағы 60 күнге ұзартуды ұсынғаны хабарланды.
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы келісімді созуға тырысуда
Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы келісімді созуға тырысуда

Пәкістан үкіметіндегі дереккөздер «Анадолы» агенттігіне АҚШ пен Иран арасында айлар бойы жалғасып келе жатқан соғысты аяқтайтын түпкілікті келісімге қол жеткізу мақсатында 60 күндік жаңа келіссөз процесін бастау бойынша бастама көтерілгенін мәлімдеді.

Исламабад уағдаластығы шеңберінде күн тәртібіне қойылған жаңа кесте Ормуз бұғазын қайта ашу және Иранға салынған санкцияларды алып тастау мәселесінде тоқтап қалған тікелей келіссөздерді қайта жандандыруды көздейтіні атап өтілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беруге өкілеттігі болмағандықтан есімін жарияламауды сұраған пәкістандық дереккөздер Пәкістанның ұсынысы тараптар арасындағы келіссөздерге қайта жан бітіруді мақсат ететінін айтты.

Пәкістанның жаңа ұсынысына қатысты Вашингтон, Тегеран немесе Исламабад әкімшіліктері тарапынан әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Исламабадтың бұл жаңа бастамасы тараптар ұзартылатыны немесе ұзартылмайтыны туралы ешқандай мәлімдеме жасамаған алғашқы 60 күндік мерзім өткен аптада аяқталғаннан кейін басталды. Аталған мерзім 17 маусымда басталып, 16 тамызда аяқталған болатын.

Пәкістандық дереккөздер мерзімнің аяқталуына қарамастан, АҚШ пен Иранның жаңа қақтығыс бастамау бойынша жасырын (ауызша) келісімге келгенін алға тартты.

Соңғы оқиғаның Пәкістан Бас штабының бастығы фельдмаршал Асым Мунирдің Тегеранға жасаған сапарынан кейін болғаны айтылды. Мунирдің Иран басшылығымен өткізген кездесулерінде ұзақ уақыттан бері тығырыққа тірелген АҚШ-Иран тікелей келіссөздерін қайта бастау және Ормуз бұғазын қайта ашу үшін жаңа ұсыныстарды талқылағаны атап өтілді.

Іздеу
"Иран шабуылдары АҚШ-тың Таяу Шығыстағы барлау нысандарына ауыр зиян келтірді"
“Ғылыми фантастикадағы ғарыш айлағы” Луизинада бой көтермек
Ресейде шыққан өртте Қытайдың 6 азаматы, барлығы 7 адам қаза тапты
Армения парламенті Баку және Анкарамен қатынасты қалыпқа келтіру бағдарламасын мақұлдады
YPG террор ұйымы таратылды
Президент Ердоған: "Түрік халқы жеңіске жетеді"
Израиль БҰҰ-ның білім беру орталығын басып алды
Мұнайға бай Ливияда жанармай дағдарысы
Иран: “АҚШ-тың экономикалық қысымына жауап береміз”
Түркия Сирияның терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізімінен шығарылуын оң шешім деп бағалады
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
Ресейдің Краснодар өлкесіне жасалған дрон шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Сирия санкциялардан кейін қайта қалпына келтіру жолына түсті
АҚШ Қорғаныс министрі: «Қажет болса, Иранға қарсы күш қолданамыз»