Иранның ресми “IRNA” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Тегеранға сапарлай барған Катар Сыртқы істер министрі Әл Саниді министрлікте Иран Сыртқы істер министрі Аракчи қарсы алды.
Қарсы алу рәсімінен кейін Аракчи мен Әл Сани кездесу өткізді. Әзірге келіссөздердің мазмұны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Катар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджид әл-Ансари бұған дейін Сыртқы істер министрі Әл Санидің 27 тамызда Тегеранға сапар жасап, аймақтағы шиеленісті төмендету және АҚШ пен Иран арасындағы диалогқа қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылайтынын хабарлаған болатын.
Пәкістан мен Оман өкілдері де Иранға сапарлай барған
АҚШ пен Иран арасында 17 маусымда қол қойылған, алайда жүзеге аспаған келісімге арағайын болған Пәкістанның Бас штаб бастығы, фельдмаршал Асим Мунир 24 тамызда Тегеранға сапарлай барып, президент Масуд Пезешкиан, Мәжіліс төрағасы Мұхаммед Бақер Галибаф және Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы Мохсен Резаиимен кездескен еді.
Иран мен Пәкістан тараптары келіссөздердің нәтижелі өткенін білдірген болатын.





















