САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей румыниялық дипломатты «персона нон грата» деп жариялады
Ресей Румынияның Мәскеудегі елшілігінде қызмет ететін бір дипломатты «персона нон грата» деп жариялағанын хабарлады.
Ресей румыниялық дипломатты «персона нон грата» деп жариялады
Ресей румыниялық бір дипломатты «персона нон грата» деп жариялады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде Румынияның бұған дейін бір ресейлік дипломатты «персона нон грата» деп жариялау туралы шешім қабылдағаны еске салынды.

Мәлімдемеде бұл шешімнің негізсіз екені айтылып, осыған байланысты Румынияның Мәскеудегі елшілігінің уақытша сенімді өкілі Лилиана Бурда Сыртқы істер министрлігіне шақырылғаны хабарланды.

«Оған Румынияның Мәскеудегі елшілігінің бір қызметкері "персона нон грата" деп жарияланғаны туралы нота табысталды», - делінген мәлімдемеде.

Румыния соңғы күндері өз аумағына үш ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) құлауына байланысты бір ресейлік дипломатты елден шығару туралы шешім қабылдап, Украинаға қолдау көрсетуді жалғастыратынын мәлімдеген еді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
Іздеу
"Иран шабуылдары АҚШ-тың Таяу Шығыстағы барлау нысандарына ауыр зиян келтірді"
“Ғылыми фантастикадағы ғарыш айлағы” Луизинада бой көтермек
Ресейде шыққан өртте Қытайдың 6 азаматы, барлығы 7 адам қаза тапты
Армения парламенті Баку және Анкарамен қатынасты қалыпқа келтіру бағдарламасын мақұлдады
YPG террор ұйымы таратылды
Президент Ердоған: "Түрік халқы жеңіске жетеді"
Израиль БҰҰ-ның білім беру орталығын басып алды
Мұнайға бай Ливияда жанармай дағдарысы
Иран: “АҚШ-тың экономикалық қысымына жауап береміз”
Түркия Сирияның терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізімінен шығарылуын оң шешім деп бағалады
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
Ресейдің Краснодар өлкесіне жасалған дрон шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Сирия санкциялардан кейін қайта қалпына келтіру жолына түсті
АҚШ Қорғаныс министрі: «Қажет болса, Иранға қарсы күш қолданамыз»