СПОРТ
2 ... минут оқылды
Түркия Әлем кубогындағы үмітін жандандыру үшін Парагвайды жеңуді көздейді
«Ай-жұлдыздылардың» қақпашысы Угурджан Чакыр «Алғашқы ойын негізінде финалдық бәсеке емес еді. Алдымызда 2 финалдық матч бар. Біз бітті демейінше, ештеңе бітпейді», — деді.
Түркия Әлем кубогындағы үмітін жандандыру үшін Парагвайды жеңуді көздейді
Түркия Әлем кубогындағы үмітін жандандыру үшін Парагвайды жеңуді көздейді / Reuters

Түркия ұлттық футбол құрамасы Австралияға қарсы өткен алғашқы матчтағы жеңілістен кейін 2026 жылғы FIFA Әлем кубогының «D» тобындағы екінші кездесуінде Парагвайдан маңызды жеңісті еншілеуге бар күшін салуда.

АҚШ-тың Аризона штатындағы жаттығу лагерінде журналистерге сұхбат берген қақпашы Угурджан Чакыр: «Алдымызда еншілейтін 6 ұпай бар. Бірінші ойын Парагваймен өтеді, бұл матчта жеңіске жетіп, 3 ұпайды алғымыз келеді», — деп мәлімдеді.

Канаданың Ванкувер қаласындағы «BC Place» стадионында өткен ойында Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен жеңген болатын.

«Трабзонспорт» клубында өнер көрсететін Чакыр: «Алғашқы ойын негізінде финалдық бәсеке емес еді. Алдымызда 2 финалдық матч бар. Біз бітті демейінше, бітпейді», — деп қосты. Сондай-ақ ол Австралиямен ойында кеткен қателіктерді саралап, Парагвайға қарсы мықты өнер көрсетуге бекініп отырғандарын жеткізді.

Қорғаушы Самет Акайдын командаласының сөзін қуаттап, бұл жеңіліс құраманың жігерін құм қылмай, керісінше оларды ширата түскенін айтты. Командаға сенетінін және өзара жиналып, жағдайды талқылағандарын білдірген Акайдын: «Парагвайға қарсы ойында бұл олқылықтың орнын толтыратынымызға сенімдімін», — деді.

Сәтсіз басталған стартқа қарамастан Акайдын жанкүйерлерді қолдауды тоқтатпауға шақырды. «Ел болып мынаны түсінуіміз керек: біз 24 жылдық үзілістен кейін Әлем кубогына жолдама алдық. Қазір алдымызда өте маңызды Парагвай матчы тұр. Бізге дәл қазір қолдау қажет. Бұл команда осы уақытқа дейін үлкен жетістіктерге жетті. Бұны осы құрам атқарды, тағы да жасай алады. Бұл ойында қолдауларыңызды аямаңыздар», — деп толықтырды.

«Ай-жұлдыздылар» 19 маусымда Парагваймен, ал 25 маусымда турнир қожайындарының бірі — АҚШ құрамасымен кездеседі.

АҚШ, Мексика және Канаданың ұйымдастыруымен өтіп жатқан 2026 жылғы FIFA Әлем кубогы 11 маусымда басталды. Доп додасы 19 шілдеге дейін жалғасады және онда 48 ел бақ сынауда.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді