САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Трамп Сауд Арабиясымен жасалған азаматтық ядролық келісімді мақұлдады
«Wall Street Journal» басылымының хабарлауынша, 30 жылға жасалған бұл келісім америкалық компанияларға Сауд Арабиясының ядролық инфрақұрылымында маңызды орын беріп, АҚШ-тың бақылауын күшейтеді.
Трамп Сауд Арабиясымен жасалған азаматтық ядролық келісімді мақұлдады
Трамп Сауд Арабиясымен жасалған ядролық келісімді мақұлдады (Фото: МҰРАҒАТ) / Reuters

«Wall Street Journal» басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына азаматтық ядролық бағдарлама әзірлеуге мүмкіндік беретін тарихи келісімді ресми түрде мақұлдады.

Басылым АҚШ шенеуніктеріне сілтеме жасап, 30 жылға жасалған келісімнің құны ондаған миллиард доллар болуы мүмкін екенін жазды.

Келісім америкалық компанияларға Сауд Арабиясының ядролық инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беріп, бұл саладағы өзге шетелдік бәсекелестерді ығыстыруды көздейді.

Келісімнің маңызды тармақтарының біріне сәйкес, Вашингтон мен Эр-Риядтың бірлескен сараптамасы уран байыту зауытын салу қажет деп шешсе, оны Сауд Арабиясында америкалық компаниялар тұрғыза алады.

Басылымның мәліметінше, келісім АҚШ-қа Сауд Арабиясының ядролық жоспарын бақылауға мүмкіндік береді. Трамп әкімшілігінің өкілдері бұл келісім бағдарламаның ядролық қару әзірлеуге бағытталмауын қамтамасыз етеді деп есептейді.

Алдағы күндері АҚШ Конгресінің қарауына жіберілетін бұл келісім Таяу Шығыста ядролық әлеуеттің артуына алаңдайтын заң шығарушылардың қарсылығына тап болуы мүмкін.

Іздеу
Канада АҚШ-пен сауда келіссөздерін жеделдетуге ниетті
Сомалиде тоғыз террорист залалсыздандырылды
Ресей мен Солтүстік Корея сыртқы істер министрлері кездесті
«АҚШ өңірге жаңа әскери техника жеткізуді жалғастыруда»
ХАМАС Халил әл-Хайяны саяси бюроның жаңа басшысы етіп тағайындады
Түркия: «Монтрё конвенциясының талаптарын 90 жылдан бері бұлжытпай орындап келеміз»
Иран президенті: «Экономикалық қысым әскери жетістіктерімізге кері әсер етуі мүмкін»
Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды
Түркия мен Палестина Испанияны құттықтады
Мұнай бағасы артты
Президент Ердоған: «Кипр түрік халқын ешқашан жалғыз қалдырмаймыз»
Ерлер арасындағы Ұлттық волейбол командасының “VNL” ширек финалындағы қарсыласы — Словения
Түркия Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді
Солтүстік Кипрде Бейбітшілік және бостандық күні атап өтілді
Венесуэладағы жер сілкіністерінен қаза тапқандар саны 5 208- ге жетті