СПОРТ
2 ... минут оқылды
Германия Әлем чемпионатымен қоштасты
2026 жылғы ФИФА Әлем чемпионатының 1/16 финалында (соңғы 32 кезеңі) негізгі уақыты мен қосымша уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған матчта пенальти сериясы бойынша Германияны 4:3 есебімен жеңген Парагвай 1/8 финалға жолдама алды.
Германия Әлем чемпионатымен қоштасты
Германия — Парагвай матчы (29 маусым 2026 жыл)

Турнирде “Е” тобын 6 ұпаймен көшбасшы ретінде аяқтап, 12 жылдық үзілістен кейін кубокты тағы да иеленгісі келген Германия мен құрамында Түркия да бар “D” тобында 4 ұпаймен 3-орынға тұрақтаған Парагвай Бостон стадионында күш сынасты.

Германия құрамасында «Галатасарай» сапында өнер көрсететін Лерой Сане маңызды кездесуді алғашқы минуттардан бастады.

Матчтың 2-минутында Парагвай орындаған бұрыштама добынан кейін Алонсо сол аяғымен соққы бағыттады, алайда қақпашы Нойер жақын қашықтықтан гол соғуға мүмкіндік бермеді. Одан кейін доп Алонсоның өзінен сыртқа кетті.

8-минутында Германия сапынан Павловичтің артқы бағанаға қарай бағыттаған добын Виртц қабылдап соққы жасағанымен, доп қақпа маңдайшасынан биік ұшты.

42-минутында Парагвай 1:0 есебімен алға шықты. Парагвайлық Альмиронның айып алаңының сыртына шығарған пасын алған Галарзадан кейін Энцисо баспен соққы жасап, допты сол жақ бұрышқа дәл тоғытты.

Осылайша Парагвай бірінші таймды 1:0 есебімен өз пайдасына аяқтады.

54-минутында Германия таразы басын теңестірді (1:1). Сол қанаттан берілген пасты сәтті іліп әкеткен Виртц пенальти нүктесіне қарай доп асырды. Оған бірінші жеткен Хавертц баспен соққы бағыттап, допты қақпаның оң жақ бұрышында тулатты.

Матчтың негізгі 90 минуты 1:1 есебімен аяқталып, кездесу қосымша уақытқа ұласты.

Осы оқиғадан кейін Германия Әлем чемпионаты тарихында ең көп қосымша уақыт ойнаған командаға айналды (12 матч). Германиядан кейінгі орындарда Аргентина мен Италия (11) және Англия (10) тұр.

Қосымша уақыттың 102-минутында Германия сапынан Тах баспен гол соққан еді, алайда “VAR” жүйесін тексеру барысында неміс футболшысы Антонның қақпашы Гиллге кедергі жасағаны анықталып, гол есепке алынбады.

Қосымша уақытта да теңдік бұзылмаған соң, сериялы пенальти ату кезеңіне көшті. Парагвай пенальти сериясында 4:3 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға өтті.

Германия турнир тарихында алғаш рет пенальти сериясында жеңілді

Германия құрамасы Әлем чемпионаты тарихында бірінші рет пенальти сериясы бойынша матчта есе жіберді.

Ал Германияны негізгі және қосымша уақыты 1:1 аяқталған ойынның пенальти кезеңінде 4:3 есебімен тізе бүктірген Парагвай 1/8 финалға көтерілді. Парагвай келесі кезеңде Франция–Швеция жұбының жеңімпазымен кездесетін болады.

Германияның 2018 және 2022 жылдардан кейін 2026 жылы да бағы жанбады Соңғы екі Әлем чемпионатында (2018, 2022) топтық кезеңнен шыға алмай сәтсіздікке ұшыраған «неміс машиналары» 2026 жылы да 1/16 финалда жарыс жолынан шығып, тағы бір сәтсіз нәтижені тіркеді. Айта кетейік, немістер бұған дейін 1954, 1974, 1990 және 2014 жылдары Әлем чемпионы атанған болатын.

Іздеу
Әзербайжан Израильді 1915 жылғы оқиғаларға қатысты шешімін қайта қарауға шақырды
Түркия Израильді айыптады
Еуропада аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артуда
«Түрік жұлдыздары» Бельгияда көрерменнің қошеметіне бөленді
Сауд Арабиясында тікұшақ апатқа ұшырап, 14 адам қаза тапты
Францияда ұшақ апатынан 11 адам қаза тапты
Түркия жел энергиясы бойынша әлемде 5-ші, күн энергиясы бойынша 10-шы орында
Түркия мен Словения екіжақты қатынастарды нығайтуға деген міндеттемелерін растады
НАТО Парламенттік Саммитіне 20 парламент төрағасы қатысады
Индонезияда “TikTok” пен “YouTube” балаларға тиесілі 4,7 миллион аккаунтты жапты
Түркия Венесуэлаға іздестіру-құтқару тобын жібереді
Түрік компаниялары Қытай–Еуразия көрмесіне қатысуда
Қазақстан Қарашығанақ мұнай-газ кен орнының өндіріс көлемін қысқартты
Түркия мен Венесуэла Сыртқы істер министрлері жер сілкінісінен кейін көмек мәселесін талқылады
Ресей Қорғаныс министрлігі: «Украинаның 660 дроны тойтарылды»