ТҮРКИЯ
4 ... минут оқылды
Президент Ердоған "Al Jazeera" телеарнасына сұхбат берді
«Алла бұйырса, ең жақын арада Дамаскіге сапармен барамын» деді ол.
Президент Ердоған "Al Jazeera" телеарнасына сұхбат берді
Президент Ердоған «Al Jazeera» телеарнасына сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сирияның тұрақтылығын қолдайтынын білдіріп, «ең жақын арада» елорда Дамаскіге сапармен баратынын хабарлады.

Президент Ердоған “Al Jazeera” Араб телеарнасына берген сұхбатында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты баға берді.

Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасында жақында қол қойылған қауіпсіздікке бағытталған Мекке бірлескен қорғаныс келісімінің АҚШ пен Иран арасындағы күрделі кезеңде жасалуы әлемдік бейбітшілік үшін маңызды жолдау болғанын баса айтқан Ердоған: «Біз әрқашан бейбітшілікті жақтайтынымызды айттық. Бейбітшілікті қолдап, осындай процесті ерекше ұстанған елдер ретінде Пәкістан, Түркия және Сауд Арабиясы осы бейбітшіліктің қорғаушылары ретінде орын алдық. Бейбітшілікті жақтаушылар ретінде бұдан кейінгі кезеңде де жолымызды жалғастырамыз», — деді.

Президент Ердоған: «Егер Мысыр да қаласа, осы үш ел арасында келісімге келіп, Мысырға да есік ашамыз», — деп қосты.

АҚШ-Израиль мен Иран арасындағы соғыс

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-Израиль мен Иран арасындағы соғысқа қатысты тілегінің бейбітшіліктің тезірек орнауы екенін айтты.

Ормуз бұғазының жабық қалуы қиындық тудыратынына назар аударған Ердоған: «Бұл қозғалысты тезірек ашып, әлемдік мұнай тасымалын қысқа мерзімде қайта жандандыру арқылы әлемдік мұнай айналымындағы бұл бай ағынды тоқтатпау керек. Біз осыны қолдаймыз, Иран да осыны қолдайды. Тілегіміз — Ормуз бұғазындағы теңіз қатынасы тегін ашылса, бұл өте орынды болар еді», — деді.

АҚШ-Израильдің Иранға және Тегеран әкімшілігінің Парсы шығанағы елдеріне шабуылдары

АҚШ-Израильдің Иранға бағытталған шабуылдарынан кейін Тегеранның Парсы шығанағы елдеріне соққы беруіне қатысты Түркияның ұстанымы туралы сұраққа Ердоған: «Бұл аймақта біз мүлде соғысты қаламаймыз, бейбітшілікті жақтаймыз. Бірақ мұнда Израиль бұл соғыстың басты кейіпкері болып отыр. Израиль бұл жерде соғысты үнемі қоздырды, соғыс жағында болды. Ол соғысты жақтағандықтан, мұнда басқа елдер үлкен зардап шекті. Мұның басты жауаптысы — Израиль», — деп жауап берді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «Мүмкіндіктерге назар аударып, жолымызды табандылықпен жалғастырып келеміз»

«Алла бұйырса, ең жақын арада Дамаскіге сапармен барамын»

Президент Ердоған Сирияда президент Ахмед Шара бастаған жаңа әкімшілікпен қарым-қатынастар және Израильдің Сирияға жасаған шабуылдары туралы былай деді:

«Сириямен мемлекеттік механизмдеріміз өте жақсы қарым-қатынаста, бұл бірлікті, бұл ынтымақтастықты жалғастырып жатырмыз. Сирия — біздің бауырымыз, Сирияны ешқашан жалғыз қалдырмаймыз. Бұл процесте Сирия бауырларының өзіне деген ықыласы мен қолдауын көреді, еш алаңдамасын».

Түркияның Сирияның тұрақтылығына беретін қолдауы туралы сұраққа Ердоған: «Сирияның тұрақтылығы үшін Түркияға не жүктелсе, біз мұны соңына дейін жасап жатырмыз және жасай береміз», — деп жауап қайтарды.

Президент Ердоған Сирияда Башар Асад режимінің құлауына алып келген процестегі Түркияның рөлі туралы «Әлхамдулиллаһ, мұны президент Шара да, тиісті әріптестер де өте жақсы біледі. Біз міндетті соңына дейін орындадық. Бұдан кейінгі кезеңде де орындай береміз. Алла бұйырса, ең жақын арада мен де Дамаскіге сапармен барамын», — деді.

Израильдің Ливанға шабуылдары

Ливан президенті Жозеф Аунның Түркияға сапары мен екі ел арасындағы қарым-қатынастарды туралы Ердоған «Ливанға қарсы жасалған бұл шабуылдар бізді қатты алаңдатады. Құрметті президентпен осында кездесу өткіздік. Бұдан кейінгі кезеңде де Ливанға қолымыздан келген барлық қолдауды көрсетуді жалғастырамыз», — деді.

«Газаны өз бетімен қалдыра алмаймыз»

Израильдің Газаға жалғасып жатқан шабуылдары туралы сұраққа Ердоған: «Газаны өз бетімен қалдыра алмаймыз. Газаға қатысты бізге қандай міндет жүктелсе, оны осы уақытқа дейін атқардық, бұдан кейін де атқара береміз», — деп сөзін толықтырды.

Ердоған Израильдегі саясаткерлер мен баспасөздің Түркияға бағытталған агрессивті ұстанымы туралы: «Қараңызшы, біз сізбен соғысты емес, бейбітшілікті, әлемдік бейбітшілікті қалай қамтамасыз ететінімізді талқылап отырмыз. Бірақ Түркияға бейбітшілік үшін емес, соғыс үшін тиісетіндер болса, Түркия бұл соғыстан да тартынбайды, қашпайды, осыны ашық әрі айқын айтамын. Дегенмен мұндай жағдайды бастан кешіргіміз келмейді», — деді.

АҚШ және Түркияның F-35 бағдарламасына қайта қатысуы

Ердоған АҚШ-пен қарым-қатынастарға тоқталы, «Қазіргі уақытта әрине құрметті Трамптың F-35 ұшақтары бойынша берген уәдесін орындауын күтеміз. Ол бізге F-35-ке қатысты уәде берді және бұл уәденің орындалуы Түркия үшін өте маңызды, біз осы уәденің орындалуын күтеміз», — деді.

«Ресеймен қарым-қатынасымыз өте жақсы»

Ердоған Мәскеумен қарым-қатынастар туралы «Ресеймен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Қарым-қатынасымызды үнемі телефон дипломатиясы арқылы жалғастырып отырмыз. Тиісті министр әріптестерім Ресейдегі әріптестеріне үнемі хабарласады, олар да менің министрлеріме хабарласады. Осылайша келіссөздерімізді жүргізіп жатырмыз», — деді.

«Бiз үшiн басымдық Еуропа Одағы емес»

Еуропа Одағы мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарға қатысты сұрақтарға жауап берген Ердоған былай деді:

«Еуропа 53 жыл бойы Түркияны өз қатарына алмағаны сияқты бұдан кейінгі кезеңде де алуды жоспарлап отырған жоқ, бірақ біз есігімізді жаппадық. Біз әлі де Еуропа Одағына кіруді ойлап отырмыз. Алса құба-құп, алмаса да өз еркі. Біз үшін басымдық Еуропа Одағы емес, бірақ біз Еуропа Одағына үнемі айтып келеміз: ұтылатын сіздер боласыздар, Түркия емес».

Араб әлеміне үн қатқан президент «Баршасына сәлемімді мен сүйіспеншілігімді жолдаймын. Біз олардың барлығын жақсы көреміз. Біз бірміз, біргеміз, қуаттымыз, бір-бірімізді ренжітпейік, ренжіспейік, бірге болуды жалғастырайық», — деді.

Іздеу
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
АҚШ халқының 33 пайызы Трампты қолдайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды