Иран астанасы Тегеранда Түркия, Сауд Арабиясы, Пәкістан және Иран делегацияларының қатысуымен өткен төртжақты кездесудің қорытынды мәлімдемесі жарияланды. Кездесуде аймақтық қауіпсіздік, Израильдің өңірдегі әрекеттері, сондай-ақ Палестина мен Ливандағы жағдай талқыланды.
Мәлімдемеде төрт елдің аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында келіссөздерді жалғастыруға уағдаласқаны айтылды.
Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы Мохсен Резаи қабылдаған кездесуге Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан делегациялары қатысты.
Иран президенті Масуд Пезешкиан мен Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи де қатысқан кездесуге Түркия атынан Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын, Сауд Арабиясы атынан Қорғаныс министрі ханзада Халид бен Салман, ал Пәкістан атынан Бас штаб бастығы Асим Мунир қатысты.
Төртжақты кездесу барысында аймақтық қауіпсіздік мәселелері, Израильдің Таяу Шығыстағы әрекеттері және Палестина мен Ливандағы соңғы оқиғалар қаралды.





















