Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаның Херсон облысындағы Олешки қаласында гуманитарлық операция жүргізуге байланысты Херсон бағытында уақытша атысты тоқтату режимі күшіне енгенін хабарлады.
Министрлік Олешки қаласындағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
Мәлімдемеде: «Ресей Қарулы күштері Херсон облысындағы Олешки елді мекенінде гуманитарлық операцияға дайындық аясында Мәскеу уақытымен сағат 04:00-ден бастап Херсон бағытында атысты тоқтатты», – делінген.
Ресей Қарулы күштері Бас штабының бастығы Валерий Герасимов өткен апта Олешки қаласында жоспарланған гуманитарлық операцияға байланысты 27 қазаннан бастап Херсон бағытында уақытша атысты тоқтату режимі енгізілетінін хабарлаған болатын.
Ресей Қорғаныс министрлігі кеше Олешки қаласы бағытында миналарды залалсыздандыру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.





















