Түркияның Ыспарта қаласындағы «Doğa» колледжінде білім алатын Зейнеп Элиф Алтынкесер Германия астанасы Берлинде өткен Эйнштейн олимпиадасында математика пәнінен әлем бойынша бірінші, ал жаратылыстану ғылымдары бойынша алтыншы орынға ие болды.
Колледж таратқан мәліметке сәйкес, 7-сынып оқушысы Зейнеп Элиф Алтынкесер 26–30 қазан аралығында 40-тан астам елден жүздеген оқушы қатысқан халықаралық олимпиадада екі бірдей жоғары нәтиже көрсетіп, Түркияның абыройын асқақтатты.






















