Ватиканның ақпараттық органы “Vatican News” интернет сайтының хабарлауынша, Папа жексенбілік дұғадан кейін сөйлеген сөзінде Израильдің Батыс Шерияда палестиналықтарға қолданып жатқан зорлық-зомбылығына қатысты пікір білдірді.
Папа Батыс Шериядағы Палестина халқына бағытталған зорлық-зомбылық әрекеттерін тоқтатуға шақырды.
Халықаралық қоғамдастыққа үн қатқан Папа екі мемлекетті шешімге және тұрақты бейбітшілікке апаратын жолда ілгерілеушілікке қол жеткізілетініне сенімді болуға шақырды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) 12 тамыздағы мәлімдемесінде Батыс Шерияда Палестина жерлерін басып алған израильдіктердің зорлық-зомбылығы бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткеніне назар аударған еді.
БҰҰ 2026 жылдың басынан бері 260-қа жуық Палестина қауымдастығын нысанаға алған 1430-дан астам шабуылдың тіркелгенін, қиратулар мен мәжбүрлі көшу салдарынан жартысына жуығы балалар болып табылатын 3 мың 800 палестиналықтың баспанасыз қалғанын хабарлаған болатын.




















