ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
ДАИШ террорлық ұйымының «Фарук кеңсесі» деп аталатын Түркиядағы құрылымына жауапты Талип Гүлер Сирияда ұсталып, Түркияға жеткізілді.
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді

Түркия Ұлттық барлау ұйымы жүргізген операция барысында ДАИШ-тың Түркиядағы құрылымында әрекет еткен, «Абдүссалам Түрки» лақап атымен белгілі және іздеуде жүрген Талип Гүлер қолға түсіріліп, елге әкелінді.

Қауіпсіздік дереккөздерінің мәліметінше, Ұлттық барлау ұйымы ДАИШ-тың «Фарук кеңсесі» деп аталатын Түркиядағы құрылымына қарсы операция жүргізген.

Барлау жұмыстарының нәтижесінде Талип Гүлердің 2021 жылға дейін ДАИШ-тың өзін «Түркия уәлаятының басшысы» және «Фарук кеңсесінің қаржыға жауапты тұлғасы» деп таныстырғаны, 2021 жылғы операция барысында Түркияға жеткізілген Касым Гүлердің інісі екені анықталды.

Тексеру барысында Талип Гүлердің 2014 жылдың қаңтарында заңсыз жолмен Сирияға өткендігі белгілі болды. Сондай-ақ оның Сириядағы әрекеттерін ағасы Касым Гүлер және ұйымның басқа да өкілдерімен бірге атқарғаны анықталды.

Касым Гүлер қолға түскеннен кейін Талип Гүлерге қатысты іздестіру жұмыстарын тереңдеткен Ұлттық барлау ұйымы оның әрекеттерін кезең-кезеңімен бақылап, қақтығыс аймағынан Түркияға жеткізілуін қамтамасыз етті.

Түркияға әкелінген Талип Гүлер тергеу кезінде ұйым атынан жүргізген әрекеттерін мойындады.

Ол Түркиядағы радикалдану үдерісі, Сирияға заңсыз өтуі, ДАИШ құрамына қосылуы және бұрын ұйымның қаржысына жауапты болған ағасы Касым Гүлермен бірге атқарған қызметтері туралы егжей-тегжейлі мәлімет берді.

Ұлттық барлау ұйымы жүргізген жұмыстардың нәтижесінде ДАИШ-тың Түркияға қарсы жоспарын болдырмау, ұйымның жаңа мүше тарту желісін әшкерелеу және шабуыл жоспарларын анықтау бағытындағы жұмыстардың табанды түрде жалғасып жатқаны хабарланды.

 

Іздеу
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Трамп НАТО саммиті негізгі мәселелерді шешті деп мәлімдеді, альянстың бірлігін мақтады
Президент Ердоған Анкарадағы НАТО саммитін «тарихи жетістік» деп жариялады
Трамп: "Бүгін кешке Иранды қатты соққыға аламыз деп ойлаймын"
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады