Қордың мәлімдемесінде Гэвин Грей бастаған Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясының украиналық ресми тұлғалармен 8,1 миллиард долларлық 4 жылдық Кеңейтілген қаржыландыру механизмі бағдарламасының екінші және үшінші шолулары бойынша нәтижелі келіссөз жүргізгені айтылған.
Мәлімдемеде Украинаны қолдау және соғыстың күтілгеннен ұзаққа созылуына байланысты туындаған қосымша қаржыландыру қажеттіліктерін өтеу үшін қаржылық кепілдіктер алу мақсатында халықаралық серіктестермен байланыс орнатылғаны атап өтіліп, ХВҚ-ның 2027 жылы 32-34 миллиард доллар және 2028 жылы 17 миллиард доллар көлемінде қаржыландыру тапшылығы болады деп болжайтыны хабарланды.
Барған сайын күрделеніп бара жатқан қауіпсіздік ахуалына, экономикалық инфрақұрылымға жасалып жатқан шабуылдардың артуына және соғыстың 2027 жылға дейін жалғасатыны туралы болжамға тоқталған мәлімдемеде бірінші шолудан бері экономикалық болжамның осы факторларды ескере отырып, қайта қаралғаны жеткізілді.
Мәлімдемеде: «Үкіметтің макроэкономикалық тұрақтылық пен жалпы төзімділікті сақтау жөніндегі күш-жігеріне қарамастан, соғыстың халық пен экономикаға ауыр зардап әкелуін жалғастыруына байланысты алдағы болжам айтарлықтай белгісіз күйінде қалып отыр», – деген баға берілді.





















