Деректі фильмнің дамуына үлес қосу және түрлі елдердің үздік туындыларын көрерменге таныстыру мақсатында ұйымдастырылатын TRT-нің 18-халықаралық деректі фильмдер байқауына өтінім қабылдау басталды.
TRT таратқан мәлімдемеге сәйкес, әуесқой және кәсіби киноөндірушілерді қолдауға бағытталған байқауға өтінімдер 2027 жылдың 19 наурызына дейін www.trtbelgesel.com сайты арқылы қабылданады.
Байқауға талаптарға сай келетін дайын деректі фильмдермен қатар, түсірілімі әлі басталмаған, идеясы мен сценарийі әзірлену үстіндегі жобалар да қатыса алады.
Байқауға қатысу тегін. Байқау жұмыстары төрт санат бойынша бағаланады: халықаралық санат, ұлттық кәсіби санат, студенттік фильмдер санаты және жобаларды қолдау санаты.
Байқау аясында барлық санат бойынша барлығы 12 сыйлық табысталады.
Өтінім беру талаптары, бағалау кезеңдері және марапаттар туралы толық ақпаратты www.trtbelgesel.com сайтынан алуға болады.






















