ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Болгария астанасы Софияда әріптесі Велислава Петрова-Чамовамен өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерге тоқталды.
Хакан Фидан: «АҚШ пен Иранды келіссөздерге қайта кірісуге шақырамыз»
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан

Болгария астанасы Софияға ресми сапармен барған Түркия Сыртқы істер министрі Фидан Иран мен АҚШ арасындағы келіссөздерге тоқталды. Фиданның айтуынша, барлығы келіссөздер нәтижелі болады деп үміттенген. Алайда соңғы екі күнде басталған шабуылдар жағдайды одан әрі ушықтырған.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран АҚШ-тың 18 ірі әскери нысанына қарымта соққы берді

Хакан Фидан: «Бұл жағдай бізді қатты алаңдатады. Тараптар шабуылды тоқтатып, келіссөз үстеліне қайта оралып, аяқталуға жақын қалған келісім мәтінін аяқтауы керек. Біздің барлық күш-жігеріміз осы бағытқа жұмылдырылған»,- деді.

Ол шиеленістің артуы ешкімге пайда әкелмейтінін атап өтті.

«Қаншалықты қиын болса да, нақты нәтижеге қол жеткізу басты мақсат болуы тиіс. Біз тараптарды келісімге шақырамыз», – деді Фидан.