Мысыр Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, тараптар бітім үдерісін ілгерілету мақсатында пікір алмасты.
Каирдегі кездесу барысында бітімнің бірінші кезеңіне қатысты міндеттемелерді толық орындау, гуманитарлық көмектің жеткізілуін арттыру және тұрақты тыныштықты қамтамасыз етуге бағытталған қадамдар талқыланды.
Жиында сондай-ақ Газаны басқару мәселесі, қайта қалпына келтіру үдерісі, халықаралық күштерді орналастыру және бітімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты тақырыптар да күн тәртібіне шығарылды.
Бітім келісімі 2025 жылы 10 қазанда күшіне енген еді. Бірінші кезеңде тұтқын алмасу, гуманитарлық көмектің жеткізілуін ұлғайту және Израиль армиясының кейбір аудандарды жартылай босатуы сияқты шаралар жүзеге асырылды. Алайда палестиналық дереккөздер Израильдің келісім аясындағы міндеттемелерін толық орындамағанын және шабуылдардың жалғастырып жатқанын хабарлаған болатын.
Келісімнің екінші кезеңінде Газаны басқару, қайта қалпына келтіру жұмыстары, халықаралық күштерді орналастыру, Израиль армиясын аймақтан шығару және қауіпсіздікке қатысты бірқатар саяси тетік қарастырылмақ.















