Каани әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ пен Израильдің аймақтағы шабуылдарына «қарсылық майданы» бірлесіп жауап қайтаратынын хабарлады.
Йемендегі хоуситтердің Израильге жасаған соңғы шабуылдарының уақытына назар аударған Каани:
«Хормуз бұғазынан Баб әл-Мандебке дейін, Парсы шығанағынан Қызыл теңізге дейін созылған аймақ қарсылық күштерінің жаңа қауіпсіздік белдеуі болады», – деді.
Каани АҚШ пен Израиль шабуылдарын жалғастырған жағдайда аталған стратегиялық су жолдарының «қарсылық күштері» тарапынан жабылуы мүмкін екенін де атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран–Израиль қақтығысы ушыға түсті














