САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Зеленский келіссөздерге Еуропа елдерінің қатысуы қажет екенін мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерге Еуропа елдерінің міндетті түрде қатысуы қажет екенін мәлімдеді.
Зеленский келіссөздерге Еуропа елдерінің қатысуы қажет екенін мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский

Зеленский Эстония астанасы Таллин қаласында Эстония президенті Алар Кариспен бірге өткізген баспасөз мәслихатында сөз алды.

Ресей–Украина соғысын тоқтатуға бағытталған жұмыстар туралы айтқан Зеленский кеше АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен телефон арқылы сөйлескенін еске салды.

Телефон әңгімесінде соғысты тоқтату үшін жүргізілуі тиіс келіссөздер талқыланған. Зеленский бұл үдеріске Еуропа елдерінің де белсенді түрде қатысуы қажет екенін айтты.

«Еуропа елдері бұл келіссөздерге міндетті түрде қатысуы керек. Америка дипломатиялық үдерістерге белсенді түрде араласуға дайын», – деді Зеленский.

Ол атысты тоқтату келісіміне қол жеткізу үшін Ресей, Украина, АҚШ және Еуропа көшбасшылары келіссөз өткізуі тиіс екенін мәлімдеді.

«Неліктен Еуропа? Өйткені біз Еуропадамыз. Өйткені бұл – біздің жеріміз, бұл – біздің құрлығымыз. Сондықтан қандай жағдай болса да, ертең қауіпсіз өмір сүретінімізге сенімді болуымыз керек», – деді Украина президенті.

Зеленский Францияда өтетін «G7» саммиті мен Түркияның ұйымдастыруымен өтетін НАТО саммитінің Украина үшін маңызды екенін атап өтті.

«Биылғы маусым мен шілде айлары көп нәрсені шешуі мүмкін», – деді ол.