ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Каирде
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибраһим Калын Газа секторындағы атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңін жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар аясында Каирде палестиналық топтар мен кепілгер елдердің өкілдерімен кездесті.
Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Каирде
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын

Мысыр Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Каирде басқосқан тараптар атысты тоқтату үдерісін ілгерілету және жергілікті түйткілдерді шешу мақсатында «жол картасы» сипатындағы жобаны талқылады.

Кездесуге Түркия Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибраһим Калынмен қатар Мысыр мен Катардың жоғары лауазымды өкілдері және палестиналық топтардың өкілдері қатысты.

Тараптардың үдерісті алға жылжытуға қатысты пікір алмасуы нәтижелі өткен.

Келіссөздер барысында атысты тоқтату келісімінің алғашқы кезеңі бойынша міндеттемелерді толық орындау, гуманитарлық көмек жеткізуді арттыру және өңірде бейбітшілікті сақтау мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Газаны басқару, қайта қалпына келтіру, халықаралық күштерді орналастыру және бітімнің орындалуын қамтамасыз ету мәселелері де күн тәртібінде болды.

Атысты тоқтату туралы келісім 2025 жылдың 10 қазанында күшіне енген болатын. Алғашқы кезеңде тұтқын алмасу, гуманитарлық көмекті арттыру және кейбір аудандардан Израиль күштерін шығару сияқты қадамдар басылды. Алайда палестиналық дереккөздер Израильдің келісім бойынша міндеттемелерін толық орындамағанын және шабуылдардың жалғасып жатқанын мәлімдеуде.

Келісімнің екінші кезеңінде Газаны басқару, қайта қалпына келтіру, халықаралық күштерді орналастыру, Израиль әскерін шығару және бірқатар саяси әрі қауіпсіздік мәселелерін реттеу көзделген.

Палестиналық топтар мен кепілгер елдердің өкілдері атысты тоқтату келісімінің екінші кезеңіне қатысты келіссөздерді кеше Каирде бастаған болатын.

Іздеу
Филиппиннің оңтүстігінде жойқын жер сілкінісі болды
Иран–Израиль қақтығысы ушыға түсті
Израиль Бейрутқа шабуыл жасады
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
Түркия ұлттық құрамасы Аризонада
Шығыс Қаратеңіз аймағынан 115 елге 831 миллион доллардан асатын экспорт жасалды
Балқан көшбасшылары Черногориядағы ЕО саммитіне қатысуда
Ресей: «Президент Трамптың ұсыныстары бейбіт келісімнің негізі бола алады»
Жасыл энергетика Түркияның экологиялық нәтижелерін күшейтті
Өкілдер палатасы АҚШ пен Израильдің әскери ынтымақтастығын қолдады
Президент Трамп Иранның Діни жетекшісімен кездесуді «үлкен мәртебе» санайтынын айтты
Түркия мен Корея стратегиялық байланыстарды нығайтпақ
Президент Зеленский бейбіт келіссөздерді Түркияда өткізуді ұсынды
АҚШ Ресейге қысымды арттырмақ
Иран: «Зымырандарымыз дайын»