Актүріктің айтуынша, оқу-жаттығу Әскери-теңіз күштерінің операцияларды басқару қабілетін бағалау, бөлімдердің шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру және әскерлердің үйлесімділігін сынау мақсатында Қаратеңізде, Мәрмәр теңізінде, Эгей теңізінде және Шығыс Жерорта теңізінде өткізілуде.
Кеңесші мәлімдемесінде Солтүстік Кипр Түрік Республикасы мәселесіне де тоқталып, «Кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған «Түрік ұшақтары Грекияның Қорғаныс министрі мен Еуропа елдерінің министрлері мінген ұшақтарға қысым көрсетті» деген арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды. Грекия мен Оңтүстік Кипр әкімшілігі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының құқықтары мен мүдделерін елемей, өңірдегі нәзік тепе-теңдікті бұзатын және кейде оның әуе кеңістігін бұзатын әрекеттерге барып отыр», - деді.
Оның мәліметінше, 7 маусымда Грекия-Оңтүстік Кипр бағыты бойынша ұшқан алты әуе кемесінің төртеуі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының әуе кеңістігін бұзған. Осы жағдайға байланысты Солтүстік Кипрде кезекшілікте болған екі «F-16» жойғыш ұшағы сақтық шарасы ретінде дереу әуеге көтерілген.
Актүрік түрік ұшақтарының тек Солтүстік Кипр әуе кеңістігінде әрекет еткенін, Оңтүстік Кипрдің әуе кеңістігін бұзбағанын және аталған ұшақтарға ешқандай қысым көрсетпегенін атап өтті.
Сондай-ақ ол өңірдегі шиеленісті күшейтуге бағытталған және өздерін «жәбірленуші» ретінде көрсетуге тырысатын арандатушылық сипаттағы мәлімдемелер қабылданбайтын айтты.




















