Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Төтенше жағдайлар және қорғаныс министрлігінің қызметкерлері полиция және жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып арнайы операция бастап, жағдайды бақылауға алды.
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды
Әзербайжанда қару-жарақ қоймасы жарылып, 5000 адам эвакуацияланды / AA

Әзербайжан билігі сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні оқ-дәрі қоймасында шыққан өрт жарылысқа ұласқаннан кейін 5 мың адамның эвакуацияланғанын және адам шығыны жоқтығын хабарлады.

Төтенше жағдайлар, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің бірлескен мәлімдемесіне сәйкес, өрт елдің батысындағы Горанбой ауданының Низами ауылы маңындағы қоймада шыққан.

Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктерінің персоналы полиция және жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып арнайы операция бастап, жағдайды бақылауға алды.

Мәлімдемеде маңайда тұратын тұрғындардың қауіпсіздік шарасы ретінде эвакуацияланғаны атап өтілді.

Горанбой ауданы әкімінің орынбасары Сеймур Назаров журналистерге Низами және көршілес Хойлу ауылдарының тұрғындары маңайдағы қауіпсіз аймақтарға көшірілгенін айтты.

Төтенше жағдайлар комиссиясына төрағалық ететін Назаров: «Эвакуацияланған адамдардың жалпы саны — 5 000», — деді.

Ол өрттің әлі де жалғасып жатқанын және мезгіл-мезгіл жарылыстардың естілетінін, алайда өртті сөндіру мен таралуының алдын алу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ ешқандай үйдің зақымданбағанын, қаза тапқандар, жараланғандар немесе ауыр шығындар тіркелмегенін қоса айтты.

Назаров екі ауылдың да кіреберісі мен шығаберісінде қауіпсіздік шараларының қабылданғанын және эвакуацияланған тұрғындардың қауіпсіз жағдайда орналастырылғанын мәлімдеді.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді