Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы Мохсен Резаи әлеуметтік желідегі парақшасында ақпан айынан бері Иран мен АҚШ арасында жалғасып келе жатқан әскери шиеленіске қатысты пікір білдірді.
Иранның байытылған уран қорына қатысты пікірталастарға тоқталған Резаи: «Байытылған уранның бір грамы да Ираннан шығарылмайды», – деді.
Резаи Вашингтонмен келіссөз жүргізу үшін алдымен өзара сенім қалыптастыру қажет екенін атап өтті.
«АҚШ сенім қалыптастыру үшін нақты әрекетке көшпейінше, келіссөздер басталмайды. Бұл үдеріс Иранның барлық талабы толық әрі мүлтіксіз орындалғаннан кейін ғана басталуы тиіс», – деді ол.























