Министр Ерсой әлеуметтік желідегі парақшасында Түркия жағалауларының енді әлемдік брендке айналғанын атап өтті.
«Көк жалау» бойынша әлемдегі 3-орынды тағы да сақтап қалғандарын айтқан Ерсой: «2026 жылы 580 жағажай, 30 яхта порты, 18 туристік кеме және 26 жеке яхта “Көк жалау” алуға лайық деп танылды», – деді.
Ерсой Түркияның экологиялық стандарттар, қауіпсіз туризм инфрақұрылымы және тұрақты жағалау басқару саласындағы мықты ұстанымы халықаралық деңгейде тағы бір мәрте расталғанын атап өтті. Сонымен қатар тегін қоғамдық жағажайлардың да «Көк жалау» мәртебесіне ие болғанын айтты. «Биыл Бодрум Түркбүкі қоғамдық жағажайы да “Көк жалаулы” қоғамдық жағажайлар қатарына қосылды. Жаңа қоғамдық жағажай жобаларымен Түркияның “Көк жалау” картасын одан әрі кеңейтеміз», – деді ол.
Түркия жағажай санаты бойынша Испания мен Грекиядан кейін тағы да әлемдегі ең табысты үшінші ел атанды.
Сонымен қатар туристік кемелер санаты бойынша әлемдегі төртінші орнын да сақтап қалған Түркияда “TÜRÇEV” үйлестіруімен жүзеге асырылып жатқан бағдарлама аясында шомылу суының сапасы, экологиялық басқару, қауіпсіздік, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділік, қалдықтарды басқару және экологиялық білім беру сияқты көптеген критерий халықаралық бақылау процестері арқылы қадағаланып отыр.
Анталия 232 жағажайымен Түркиядағы ең көп «Көк жалаулы» жағажайы бар қала мәртебесін биыл да сақтап қалды. Мугла 113 жағажаймен екінші, ал Измир 60 жағажаймен үшінші орында тұр.















