АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО Көшбасшылар саммиті алдында Анкарада өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды беделді әлемдік көшбасшы ретінде сипаттап, оған мақтау айтты.
Президент Режеп Тайып Ердоған Анкарадағы Президенттік кешенде АҚШ президенті Дональд Трампты ресми рәсіммен қарсы алды.
Түркияның F-35 жойғыш ұшақтарын сатып алуына қатысты Трамп «Бұл біз қабылдайтын шешім болады», — деген мәлімдеме жасады.

Рәсім барысында жойғыш ұшақтар аспанда өнерін көрсетіп жатқанда Трамп түрік тілінді «Сәлем, сарбаз!» (түрікше «Merhaba asker») деп түрік әскерлеріне үн қатты.
Сапармен келген АҚШ президентінің құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылды.
Трамп кешенге келген сәтте Түркия Әскери-әуе күштерінің акробатикалық тобы «Түрік жұлдыздары» АҚШ президентін қарсы алу мақсатында салтанатты ұшу рәсімін өткізді.
Бұған дейін президент Ердоған Трампты Анкара әуежайына келген сәтінде өзі барып қарсы алған болатын.





















