Бас қала Анкарада өтетін НАТО-ның мемлекет және үкімет басшыларының 36-шы саммиті Одақтың және жаһандық қауіпсіздік архитектурасының болашағы тұрғысынан маңызды мәнге ие.
Түркияның дипломатиялық салмағын айқындауы күтілетін Анкара саммиті әлем лидерлерін қонақ етіп қана қоймай, Түркияның НАТО ішіндегі өсіп келе жатқан ықпалын көрсететін дипломатиялық сахна болады.
Саммит Түркияның әскери үлесін, қорғаныс өнеркәсібін, дағдарысты басқару әлеуетін және лидерлік дипломатиясын паш етеді деп көзделіп отыр.
Шығындарды бөлісу — саммиттің негізгі күн тәртібіндегі тақырыптардың бірі.
Анкарада АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған 32 мемлекет басшысы мен түрлі елдердің сыртқы істер және қорғаныс министрлері бас қосады.
НАТО-ға мүше елдермен бірге AP4 (Аустралия, Жапония, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Корея) елдері де қатысатын бұл саммит Еуроатлантикалық және Үнді-Тынық мұхиты аймақтарының қауіпсіздік мәселелерін бір үстел басында тоғыстырады.
Қорғаныс өнеркәсібі форумы
Соңғы 3-4 жылда НАТО-ның қосымша іс-шарасы ретінде ұйымдастырылып келген Қорғаныс өнеркәсібі форумы алғаш рет саммиттің ресми бағдарламасының бір бөлігіне айналады.
2004 жылы Стамбулдағы НАТО саммитінде жүзеге асырылған және құрамына Катар, Бахрейн, Кувейт пен Біріккен Араб Әмірліктері кіретін Стамбул ынтымақтастық бастамасы аясында сыртқы істер министрлері деңгейінде арнайы отырыс ұйымдастырылып, НАТО-ның Стамбул ынтымақтастық бастамасы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өткізіледі.


















