САЯСАТ
1 ... минут оқылды
"Еуропа ұжымдық қорғаныс мәселесіндегі шынайылығын НАТО-да Трампқа көрсетеді"
Нильс Шмид Германияның әскери әлеуетті нығайту және қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты кеңейту мақсатында еуропалық НАТО-дағы одақтастарымен және ЕО серіктестерімен үйлесімді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
"Еуропа ұжымдық қорғаныс мәселесіндегі шынайылығын НАТО-да Трампқа көрсетеді"
"Еуропа ұжымдық қорғаныс мәселесіндегі шынайылығын НАТО-да Трампқа көрсетеді" / Reuters

Германия Қорғаныс министрінің орынбасары Нильс Шмид НАТО-ның осы аптада Анкарада өтетін саммитінде еуропалық одақтастар АҚШ президенті Дональд Трампқа альянсқа көбірек әскери күш бере бастағандарын көрсететінін мәлімдеді.

«Анадолы» агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатында Шмид: «Трамп сенімді бола алады, жауапкершілік бөлісу жай ғана ұран емес, іс жүзінде солай болып жатыр және біз бұны тек Германиядан ғана емес, Еуропаның басқа мүше мемлекеттерінен де көрдік. Анкарада өтетін саммит бірлік туралы үндеу тастап, трансатлантикалық байланысты нығайтады және Атлант мұхитының екі жағы үшін де НАТО ұжымдық қорғаныстың басты институты екенін нақтылайды деп үміттенеміз», — деген пікір білдірді.

7–8 шілдеде өтетін саммит Түркияның елордасында НАТО-ға мүше барлық елдердің көшбасшыларын, жоғары лауазымды әскери қолбасшыларын, сондай-ақ қорғаныс және сыртқы істер министрлерін бір арнаға тоғыстырмақ. Еуропалық одақтастармен айларға созылған текетірестен кейін Трамптың бұл жиынға қатысу туралы шешімі аталмыш маңызды басқосудың мәнін одан сайын арттыра түсті.

Трамптың «Еуропалық одақтастар НАТО-ның әскери шығындарына жеткілікті деңгейде үлес қоспай отыр» деген қатаң сынына жауап берген Шмид мүше елдердің қорғаныс бюджеттерін айтарлықтай ұлғайта бастағанын және НАТО-ның 2025 жылғы Гаага саммитінде белгіленген мақсаттарға қол жеткізу бағытында ілгерілеп келе жатқанын айтты.

Аталған саммитте көшбасшылар негізгі қорғаныс шығындарының төменгі шегін 2 пайыздан кем дегенде 3,5 пайызға дейін көтеру туралы келісімге келген болатын.

Іздеу
Австралияда «H5N1» құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті жағдай анықталды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті
Ұзақ уақыт отыру қатерлі ісік қаупін арттырады
Грек баспасөзі: «Израиль Түркияның НАТО-дағы артып келе жатқан ықпалына алаңдаулы»
Армения премьер-министрі  Түркия және Әзербайжанмен энергетикалық байланыстарды тереңдетуге шақырды
Түркия мен Нидерланд экономикалық ынтымақтастығын тереңдетуде
Түркия НАТО саммитінде жаңа буын әскери орталығын таныстырады
Дамаскіде жарылыс болды
Әзербайжан президенті Әлиев Түркияның Әділет министрін қабылдады
БҰҰ: «Ливандағы 1 миллионнан астам босқынның шамамен 40 пайызы үйлеріне оралды»
Киевте қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Израиль Сирияның Дара өңіріндегі егін алқаптарын нысанаға алды
Пәкістанда нөсер жауын салдарынан 2 адам қаза тауып, 9 адам жараланды
«Аса қажеттілік туындамаса, Трамп Иранға әскер жібермейді»