Түркия Республикасы президенті Режеп Тайып Ердоған екі күндік НАТО саммитінің басталуымен сейсенбі күні бас шаһар Анкарада АҚШ президенті Дональд Трампты қарсы алды.
Президент Ердоған Трампты Анкараға келген сәтінде әуежайында өзі барып қарсы алды.
Ресми қарсы алу рәсімінен кейін екі ел басшысы аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылау үшін оңаша және делегацияаралық келіссөздер жүргізе бастады.
Сондай-ақ басшылардың бірлескен баспасөз мәслихатын өткізуі жоспарланды.
Сейсенбі күні бұған дейін АҚШ Штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы Дэн Кейн Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесі Анытқабірге барды. Кейн өзіне серік болған АҚШ делегациясымен бірге Анытқабірге гүл шоғын қойып, бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсетті.
НАТО-ға мүше мемлекеттер мен үкімет басшылары және негізгі серіктес елдердің жетекшілері альянстың 2026 жылғы саммиті үшін Анкарада бас қосуда. Саммит өткен жылы Гаагада келісілген қорғаныс шығындары міндеттемелерінің орындалуына, Украинаға әскери қолдау көрсетуді жалғастыруға және қорғаныс өнеркәсібі өндірісін кеңейтуге бағытталады.





















