ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Президент Ердоған кездесуде Түркия мен Болгария қарым-қатынастарының көпжақты бағытта дамып келе жатқанын, сауда, көлік, қорғаныс өнеркәсібі және энергетика бастаған көптеген салаларда ынтымақтастықты арттыру үшін жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімде
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы тарапынан президент Ердоғанның Президенттік кешенде Болгария премьер-министрі Радевті қабылдауына қатысты мәлімдеме жасалды.

Осыған сәйкес, кездесуде Ердоған мен Радев Түркия-Болгария екіжақты қарым-қатынастарымен қатар өңірлік және жаһандық деңгейдегі оқиғаларды талқылады.

Президент Ердоған кездесуде Түркия мен Болгария қарым-қатынастарының көпжақты бағытта ілгерілеп келе жатқанын, сауда, көлік, қорғаныс өнеркәсібі және энергетика бастаған көптеген салаларда ынтымақтастықты дамыту үшін жұмыстар жасалып жатқанын атап өтті.

Болгариядағы түріктердің екі ел арасындағы байланысты нығайта түскеніне назар аударған Ердоған бұл мәселеге Болгария тарапының да ерекше ықыласпен қарауы ризашылық тудыратынын жеткізді.

Президент Ердоған кездесу барысында Радевті Түркияда өтетін COP31 Көшбасшылар саммитіне де шақырды.

Іздеу
Австралияда «H5N1» құс тұмауына қатысты тағы бір күдікті жағдай анықталды
Газада кемінде 21 мың бала қаза тапты
Венесуэлада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2595 адамға жетті
Ұзақ уақыт отыру қатерлі ісік қаупін арттырады
Грек баспасөзі: «Израиль Түркияның НАТО-дағы артып келе жатқан ықпалына алаңдаулы»
Армения премьер-министрі  Түркия және Әзербайжанмен энергетикалық байланыстарды тереңдетуге шақырды
Түркия мен Нидерланд экономикалық ынтымақтастығын тереңдетуде
Түркия НАТО саммитінде жаңа буын әскери орталығын таныстырады
Дамаскіде жарылыс болды
Әзербайжан президенті Әлиев Түркияның Әділет министрін қабылдады
БҰҰ: «Ливандағы 1 миллионнан астам босқынның шамамен 40 пайызы үйлеріне оралды»
Киевте қаза тапқандар саны 13 адамға жетті
Израиль Сирияның Дара өңіріндегі егін алқаптарын нысанаға алды
Пәкістанда нөсер жауын салдарынан 2 адам қаза тауып, 9 адам жараланды
«Аса қажеттілік туындамаса, Трамп Иранға әскер жібермейді»