САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Каллас Палестинадағы Израиль қоныстарымен саудаға тыйым салуды қолдады
«Қырым басып алынған кезде оның заңсыз екені және біз оны мойындамайтынымыз жөніндегі ұстанымымыз өте айқын болды. Бұл мәселеде де дәл сондай ұстаным танытуымыз керек».
Каллас Палестинадағы Израиль қоныстарымен саудаға тыйым салуды қолдады
Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас

Еуропалық Одақтың (ЕО) сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Кая Каллас басып алынған Палестина аумақтарында құрылған Израиль қоныстарында өндірілген тауарларды ЕО-ға импорттауға тыйым салу дәйекті ұстаным болатынын мәлімдеді.

Каллас кейбір батыс елдерінің басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстарымен саудаға тыйым салу туралы шешім қабылдауына байланысты «The Irish Times» газетіне берген сұхбатында мұндай тыйымды қабылдау үшін ЕО-ға мүше 27 елдің бірауыздан келісуі міндетті емес екенін, білікті көпшіліктің қолдауы жеткілікті болатынын айтты.

Ол ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері арасында Израильдің кеңейіп жатқан қоныстарының халықаралық құқыққа қайшы екені жөнінде ортақ пікір бар екенін айтып, Ресейдің Қырымды аннексиялауына қатысты ұстанымды еске салды.

Каллас: «Қырым басып алынған кезде оның заңсыз екені және оны мойындамайтынымыз жөніндегі ұстанымымыз өте айқын болды. Бұл мәселеде де дәл сондай ұстаным танытуымыз керек», – деді.

Ол басып алынған Палестина аумақтарындағы қоныстардың заңсыз екені жөнінде жалпы келісім бар екенін айтып, аталған аумақтармен сауданы тоқтату қажет екенін мәлімдеді.

ЕО-ға мүше Франция, Дания, Финляндия, Ирландия, Польша, Португалия, Испания және Швеция, сондай-ақ Норвегия, Исландия, Канада мен Ұлыбритания 8 қыркүйекте қабылдаған ортақ шешімде басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстарымен саудаға тыйым салатынын хабарлаған еді.

Ал Израиль болса, сауда санкцияларына жауап ретінде Ұлыбританияның басып алынған Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Іздеу
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”
Түркия хоуситтердің Сауд Арабиясына жасаған шабуылдарын айыптады
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты