Әзербайжан президенті Әлиев: «Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда»
Әлиев: «Біз Армениямен өзара сауда көлемін арттыру, өнім түрлерін кеңейту және жаңа құрлық көлік жолдарын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді.
Әзербайжан президенті Әлиев: «Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда»
Әзербайжан президенті Әлиев: «Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда»

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Оңтүстік Кавказдың бейбітшілік аймағына айналғанын айтып, Армениямен өзара сауда көлемін арттыру, өнім түрлерін кеңейту және жаңа құрлық көлік жолдарын құру бағытында жұмыс жүргізіп жатқандарын хабарлады.

Ильхам Әлиев Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен «Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) +» форматындағы кездесуге қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Әлиев Әзербайжан мен Армения арасында жүргізіліп жатқан бейбітшілік процесіне тоқталды.

Әлиев бір жылдан астам уақыт бұрын Әзербайжан мен Арменияның бейбітшілік шарт мәтініне қол қойып, 30 жылдан астам уақытқа созылған қақтығысты аяқтағанын атап өтіп, «Ұзақ жылдар бойы қақтығыс аймағы болған Оңтүстік Кавказ бейбітшілік аймағына айналуда», — деді.

Әзербайжан ретінде Арменияға мұнай өнімдерін жеткізіп жатқандарын және үшінші елдердің жүк транзитін қамтамасыз етіп отырғандарын білдірген Әлиев: «Армениямен өзара сауда көлемін арттыру, өнім түрлерін кеңейту және жаңа құрлық көлік жолдарын құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз», — деді.

Әлиев өз елінің жерлері оккупацияда болған кезде Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) бұл жағдайды шешуде ешқандай рөл атқармағанын айтып, Әзербайжанның өз суверенитеті мен аймақтық тұтастығын толығымен өзі қайта орнатқанын атап өтті.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің қысқа мерзімде жүзеге асырылуы мен тиісті механизмдердің әзірленуі қажеттігін баса айтқан Әлиев: «Бұл орындалған жағдайда, БҰҰ-ның беделі мен ұйымның қақтығыстарды шешудегі рөлін арттыруға үлес қосады. Таяуда ғана және төрт жыл бойы Қосылмау қозғалысына төрағалық еткен Әзербайжан халықаралық қатынастарда көпжақтылық принципін нығайтуға үлес қосуды жалғастырады», — деді.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді