ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Нетаньяху басып алынған Батыс Шерияда заңсыз қоныстарды кеңейтпек
Нетаньяху халықаралық қысымның күшеюіне қарамастан басып алынған Батыс Шерияда заңсыз қоныстар салуды жалғастыратынын және аймаққа ауқымды «көші-қон» толқыны болатынын мәлімдеді.
Нетаньяху басып алынған Батыс Шерияда заңсыз қоныстарды кеңейтпек
(МҰРАҒАТ) «Сіздер Израиль жері туралы мұратты жүзеге асырып жатырсыздар және бұл – біздің жеріміз», – деді Нетаньяху. / Reuters

Қазан айында өтетін тартысты сайлау алдында тұрған Нетаньяху Израиль тарихындағы ең оңшыл үкіметтердің бірін басқарып отыр. Бұл үкімет халықаралық құқық бойынша заңсыз саналатын басып алынған Батыс Шериядағы қоныстарды салу мен кеңейтуді жедел түрде мақұлдап келеді.

Көбіне бірнеше жылжымалы үйден немесе уақытша құрылыстардан ғана тұратын мұндай қоныстар Израиль заңдары бойынша да заңсыз саналады. Алайда соңғы жылдары оларды ресми мақұлдау және заңдастыру үдерісі қарқын алған.

Нетаньяху кеңсесінің мәлімдемесіне сәйкес, ол сейсенбі күні кешке заңсыз қоныстанушыларға арналған іс-шарада: «Сандарды елемеуге болмайды: біз бірге құрған және заңдастырған 104 елді мекен мен 160 ферма бар және бұдан да көп болады», - деді.

Нетаньяху сондай-ақ заңсыз қоныстанушылардың «алдағы өте ауқымды көші-қон толқынына негіз қалап жатқанын» айтып, мұны «көптеген ұрпақтың мұратын жүзеге асыру жолындағы үкіметтің орасан зор күш-жігері» деп бағалады.

Іздеу
"Иран шабуылдары АҚШ-тың Таяу Шығыстағы барлау нысандарына ауыр зиян келтірді"
“Ғылыми фантастикадағы ғарыш айлағы” Луизинада бой көтермек
Ресейде шыққан өртте Қытайдың 6 азаматы, барлығы 7 адам қаза тапты
Армения парламенті Баку және Анкарамен қатынасты қалыпқа келтіру бағдарламасын мақұлдады
YPG террор ұйымы таратылды
Президент Ердоған: "Түрік халқы жеңіске жетеді"
Израиль БҰҰ-ның білім беру орталығын басып алды
Мұнайға бай Ливияда жанармай дағдарысы
Иран: “АҚШ-тың экономикалық қысымына жауап береміз”
Түркия Сирияның терроризмді қолдайтын мемлекеттер тізімінен шығарылуын оң шешім деп бағалады
Оккупацияланған Батыс Шерияда израильдік қоныстанушылардың шабуылдары 63 пайыз артты
Оман жағалауында мұнай танкері шабуылға ұшырады
Ресейдің Краснодар өлкесіне жасалған дрон шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Сирия санкциялардан кейін қайта қалпына келтіру жолына түсті
АҚШ Қорғаныс министрі: «Қажет болса, Иранға қарсы күш қолданамыз»