Хантавирус анықталған халықаралық саяхат кемесіндегі Түркияның үш азаматы бүгін Түркияға жеткізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде кемедегі Түркия азаматтарының елге жеткізілетіні хабарланды.
Мәлімдемеде: «Тиісті халықаралық органдармен үйлестіре отырып жүргізілген бақылау барысында азаматтарымызда ешқандай симптом мен ауру белгілері байқалмағаны хабарланды», — делінген.
Кемедегі 3 түрік азаматы Түркияға табан тіреген сәттен бастап карантинге алынатыны және олардың денсаулығын тексеру процестері министрлік тарапынан жіті жүргізілетіні атап өтілді.














